«Әділет» партиясында мүшелік жарнаның көлемі айқындалды

АСТАНА. KAZINFORM — «Әділет» партиясының кезектен тыс III съезінде жаңа Конституцияға байланысты Жарғыға енгізілген өзгерістер және партияға мүшелік жарнасы бекітілді.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Жалпы, Жарғыдағы 40 ережеге өзгерістер енгізілді. Олар өзара байланысты үш бөлімге топтастырылған. Алғашқысы Жарғыны жаңа Конституцияға және қазіргі заңнамаға сәйкестендіруге арналған.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Екіншісі партияның ішкі басқару жүйесін жетілдіруді қарастырады. Онда басқарушы органдардың құзіреттері нақты белгіленген, сондай-ақ, заманауи және тиімді ұйымдастыру механизмдері енгізілген.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Үшінші бөлім құжатты редакциялық және жүйелі түрде түзеуге бағытталған.

Сонымен қатар, съезд делегаттары мүшелік жарнаны бекітті. Жұмыс істейтін азаматтар үшін айлық жарна 0,1 АЕК деңгейінде болса, ал студенттерге — 0,01 АЕК.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Зейнеткерлер, мүгедектігі бар кісілер, бала күтіміне байланысты демалыстағы ата-аналар және мүгедектігі бар балалардың заңды өкілдері мүшелік жарнаны төлеуден толықтай босатылады.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Айта кетейік, бұған дейін «Әділет» партиясы Құрылтай сайлауына қатысатын 186 кандидатты бекіткенін жазғанбыз.