Бұл көрінеу жалған ақпарат, Бас прокуратура мұндай сипаттағы хабарламаны жарияламаған, тексеру жүргізбеген.
Көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы 2-бөлігінің
3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
— «Масс-медиа туралы» және «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заңдарына сәйкес журналистер мен онлайн-платформаларды пайдаланушылар ақпараттың анықтығын тексеруге және ол жалған әрі құқыққа қайшы болған жағдайда оны таратпауға міндетті, — делінген хабарламада.
Осыған байланысты Бас прокуратура заңнаманы сақтауға, жалған және құқыққа қайшы ақпарат таратпауға, ведомстволық интернет-ресурста орналастырылған Бас прокуратураның тек ресми хабарламаларына сенуге шақырады.
Айта кетелік жалған ақпаратқа қарсы орталық жарты жылда 68 фейкті жоққа шығарды.