«Әділет» партиясы Түркістан облысының ұлттық спорттағы өкілдерімен кездесті

Бүгін Түркістан облысын сапарлап жүрген «Әділет» партиясы республикалық сайлауалды штабының өкілдері аймақтағы ұлттық спорт түрлері бойынша спортшыларымен және жаттықтырушыларымен кездесіп, олармен еркін форматта пікір алмасты.

Фото: Әділет партиясы

Алдымен сөз алған Құрылтай депутаттағына кандидат Жанарбек Әшімжан «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасына тоқталды.

Соның ішінде, ол білім беру, жол, ауылды дамыту сияқты мәселелер туралы айта келе, бүгінгі кездесудің басты тақырыбы – ұлттық спорттың жай-күйіне ерекше мән берді. 

Фото: Әділет партиясы

-Осыған дейін ұлттық спорттың 11 түрі көбіне демеушілерге арқа сүйеп келген. Енді заңнамалық өзгерістерге сай, олимпиадалық спорт түрлері ғана емес, ұлттық спорттың 11 түрі де мемлекеттен қаржы алады. Кәсіби клубтар ғана емес, ұлттық иммунитеті – ұлттық спортқа, яғни, кез келген қазақтың қара домалақ баласы қазақтың жанына, тәніне, қазақтың жауынгерлігіне, өркениетке бастыратын ұлттық спортқа қатыса алады, - деді Жанарбек Әшімжан. 

Фото: Әділет партиясы

Ол Қазақстанның ұлттық спортшылары дәстүрлі «Көшпенділер ойынында» үнемі бірінші орын алатынын, бұл, өз кезегінде елімізде ұлттық спорттың қаншалықты дамып жатқанын көрсетеді дейді. 

-Сіздердің алдарыңызға талай саясаткерлер келер, бірақ, «Әділет» партиясының бағдарламасы құр уәденің емес, мамандармен талқыланған, есеп-қисабы жасалған құжат, - деді сөзін түйіндеген ол. 

Фото: Әділет партиясы

Ал, партия төрағасы Айбек Дәдебай кездесуде айтылған әрбір мәселені партия өз қаперіне алып, алдағы жұмысында ескеретінін айтты. 

-Бүгінгі кездесуге арнайы келіп отырғандарыңыз үшін рақмет. Бүгін өте жақсы сындарлы ұсыныстар айттыңыздар. Біз естідік, оны алдағы жұмысымызда ескереміз, мүмкіндігінше қолдаймыз, - деді Айбек Дәдебай.

Айта кетейік, «Әділет» партиясы республикалық сайлауалды үгіт-насихат жұмысын Түркістан облысынан бастады. Бүгін кандидаттар облыстың жұртшылығымен, қолөнершілерімен және кәсіпкерлерімен кездесті.

Дайындаған:
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.