Әділет Тұрғанбаев ҚР туризм және спорт вице-министрі болып тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Әділет Тұрғанбаев туризм және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Primeminister.kz

Әділет Тұрғанбаев 1988 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Абылайхан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін, Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін, Сингапур ұлттық университетін бітірген.

Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

2010–2011 жылдары — «Қазақстан халқы рухани даму қоры» АҚ менеджері.

2011-2012 жылдары — Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Қаржы және ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық басқармасы сарапшысы.

2012–2019 жылдары — ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Халықаралық ынтымақтастық басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы, басшысы.

2019–2023 жылдары — ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің бас консультанты, бас инспекторы.

2023 жылы — «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» ҚҚ бас менеджері.

2024–2025 жылдары — ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары.

2025 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

Еске салайық, бұған дейін Ғани Нығыметов ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалғанын хабарлаған едік.