Сараптама үшін 1945 жылы табылған шаш пайдаланылған. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, Ева Браунның анасы жағынан еврей-ашкеназиларға қатысы бар. Газеттің атап өтуінше, кезінде Браундар отбасын олардың арғы тектерінің «арийлерден» шыққанына көз жеткізу үшін егжей-тегжейлі тексерген. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі миллиондаған еврейдің өлімі Адольф Гитлердің мойнында.
12:54, 05 Сәуір 2014
Адольф Гитлердің әйелінің ата-тегі еврей жұртынан болуы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мұны Ева Браунның ДНҚ тесті көрсетті, деп жазады Independent британдық газеті. Басылым келесі аптада Channel 4 телеарнасы көрсететін деректі фильмге сілтеме жасап отыр.