АСТАНА. KAZINFORM — Черногорияның Будва қаласында өткен бокстан «Адрия інжуі» турнирінде қазақстандық қыздар он медаль жеңіп алды.
Жастар арасындағы әлем кубогы мәртебесіне ие болған жарыс барысында екі алтын, жеті күміс, бір қола медаль алды.
Ел құрамасынан Регина Тибенева (57 келі) мен Ақбота Есімбекова (66 келі) жеңімпаз тұғырына көтерілді.
Ал Рахмина Абдумежитова (52 келі), Ақнұр Тұрсынғали (57 келі), Алина Кұдайгенова (63 кг), Айсұлу Мұхит (66 келі), Мария Сидоренко (70 келі), Зарина Толыбай (75 келі) және Сабина Жақсылық (81келіден жоғары) күміс жүлдегер атанса, қола медаль Толғанай Қасымханға (60 келі) бұйырды.
Еске салсақ, Жартылай финалда еліміздің атынан тоғыз боксшы сынға түскен еді. Олардың арасынан 8-і жарысты жалғастыруға мүмкіндік алса, 1-і қола жүлдені қанағат тұтты.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.