– Шағым түсті. Апелляциялық шағым түскен кезде судья оның дұрыс толтырылуын және берілу мерзімін тексереді. Егер шағым Қылмыстық-процестік кодекстің талаптарына сай болса, заңда белгіленген мерзімде істі Астана қаласының сотына жолдайды, - деген хабар алдық қалалық соттан.
Сондай-ақ ақпаратта іс апелляцияға түсіп, өндіріске қабылданған жағдайда қосымша хабар берілетіні айтылған.
– 8 тамызда апелляциялық шағым түсірдім. Онда бірінші сатыдағы соттың үкімін жойып, қылмыстық құрамның болмауына байланысты ақтауды сұрадым, - дейді адвокат Асланбек Дәулетияров.
Еске салайық, елорда соты Перизат Қайратқа 10 жыл, анасы Ғайни Алашбаеваға 7 жылға үкім шығарған еді.
Артынша Перизат Қайрат пен оның анасының адвокаты Асланбек Дәулетияров үкімді заңсыз деп танып, аппеляциялық тәртіппен даулайтынын мәлім етті.
Сондай-ақ сот үкімімен Перизат Қайрат жәбірленушілердің шығынын өтеуге міндеттелді.