Адвокаттар санын арттыруда қандай кедергі бар
«Лицензия алғанымен, алайда адвокаттар алқасына кіре алмай жүрген заңгерлер бізге келген болатын. Егер де маман алқа құрамында болмаса, онда ол қорғаушы мәртебесін алмайды. Неге? Себебі бұл үшін төленетін жарнаның сомасы 800 мың теңгеге дейін жетеді. Сонымен қатар оның сомасы 1 млн теңге де болуы мүмкін. Тек тағылымдамадан өтудің өзі 280 мың теңгені құрап отыр», - деді Г. Бикенова.
Оның сөзіне қарағанда, бүгінде 10 мыңға жуық лицензия берілген, бірақ та олардың арасында өз қызметімен 4 700 адвокат айналысып жүр. Ал қалғандарында қорғаушы мәртебесі жоқ. Әрине, осы адамдардың ішінде қызметтегі судьялар мен құқық қорғау органдарының өкілдері бар екені белгілі. Сонымен бірге, олардың арасында адвокат болуға ниетті адамдар да аз емес, алайда қаржылық мүмкіндігі бұл бастамаларына тұсау болып отыр.
Сонымен қатар Н. Бикенова адвокаттар алқасына қосылу үшін адамдар қарыз алуға мәжбүр екенін тілге тиек етті.
«Біз бұл салада әділ қадамдар жасалғанын қалаймыз, себебі бүгінде адвокаттық қызметтерге көңілі толмайтын адамдар бар екенін білесіздер. Шын мәнінде шағымдар аз емес», - деп түйіндеді ол.