деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Заң жобасы Мемлекет басшысының адвокатура саласындағы мемлекеттік бақылауды күшейту қажеттілігі туралы тапсырмасын және Қазақстан Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің 2009 жылғы қазанның 29-ындағы хаттамалық тапсырмасын орындау үшін әзірленген.
Заң жобасының мақсаты адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияны алу аттестаттау өткізу кезінде Аттестаттау комиссиясы қызметінің айқындылығы мен жариялылығын қамтамасыз ету, адвокаттық қызметке үміткерлердің тағылымдамадан өтуіне байланысты мәселелерді және адвокаттар алқасы қарайтын басқа да мәселелерді реттеуге, сондай-ақ адвокаттар ұсынатын заң көмегінің сапасын бақылауды жүзеге асыру тетіктерін белгілеуді қамтамасыз ету болып табылады.
Қойылған міндеттерді шешу үшін Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне, «Адвокаттық қызмет туралы» және «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр.