ҚР Ұлттық экономика министрлігі Экономикалық зерттеулер институтының ұйымдастыруымен өтетін шараға танымал спикерлер, халықаралық беделді сарапшылар тартылмақ. Сонымен қатар, арнайы сессияны өткізуге Дүниежүзілік банк әріптестік танытып отыр.
«Қазіргі таңда әлемдік экономикадағы өндіріс жағдайы мен сауда тәртібі шапшаң өзгерістерге ұшырауда. Осыған байланысты Қазақстан экономикасы да жаңа қатерлерге тап болып жатыр. Сондықтан да Қазақстанға орнықты экономикалық өсімді қамтамасыз етіп, экономикалық және әлеуметтік жағдайы жоғары мемлекеттер қатарына енуі үшін дамудың ортамерзімдік бағдарламасын қайта форматтау өзекті болып табылады. Осы мақсаттар аясында Астана экономикалық форумы диалогтық алаңында сарапшылар мен полиси-мейкерлер арасында экономикалық өсімнің, экономикалық дамудың заманауи трендтері, Қазақстан үшін ғана емес басқа да, әсіресе шикізат экспорты үлкен рөл атқаратын мемлекеттер үшін жаңа экономикалық жағдайда өсімді ынталандыру тетігі маңызды болып табылады», делінген баспасөз баянында.
Сессия барысында сарапшылар тәжірибе алмасу мәселелерін талқылап, экономикалық өсім стратегиясы саласындағы ұсынымдар мен проблемаларға назар аударатын болады.
Сессияны Дүниежүзілік банктің бас экономисі ХансТиммер (HansTimmer) жүргізеді деп күтіледі. Оған ҚР Ұлттық экономика министрлігінің басшылары, Польша Республикасының бұрынғы президенті (1995-2005 жж.) Александр Квасьневский, Франция Президентінің бұрынғы кеңесшісі, француз экономисі, Еуропалық қайта құру және даму банкінің тұңғыш президенті Жак Аттали (JacquesAttali) қатысады деп жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, спикерлер арасында америкалық экономист, LafferAssociatesиLafferInvestments негізін қалаушы әрі президенті Артур Лаффер, 2010 жылғы экономика бойынша Нобель сыйлығының иегері Кристофер Писсаридес, Дүниежүзілік банктің Еуропа мен Орталық Азия бойынша әділсот мәселелері жөніндегі топ басшысы Амитабха Мухерджи, Азия даму банкінің Бас экономисінің кеңесшісі Хесус Фелипе және басқалары қатысады.
АЭФ аясындағы сессияда талқылануы жоспарланған мәселе әлемдік нарыққа қатысушылардың барлығы үшін аса өзекті болып табылады әрі орнықты экономикалық өсім тетіктерін жетілдіру жолында жаңа қарқын беретіні күтіледі.