АЭФ-ке қатысатын спикерлер саны рекордтық көрсеткішке жетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат -  ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов XI Астана экономикалық форумының күн тәртібі туралы айтып берді. Аталған шара 17-19 мамыр күндері өтеді. Биылғы форумның тақырыбы  - Global Challenges Summit 2018, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Алдағы форумға келетін спикерлердің саны рекордтық көрсеткішке жетпек. Әлемнің түкпір-түкпірінен 500 спикер қатысады. Олардың ішінде теxнологтар, саясаткерлер, инноваторлар - жалпы, өз саласының көшбасшылары бар. Атап айтсақ, Apple-дің құрылуына өз үлесін қосқан Стив Возняк, танымал футуролог Митио Каку сияқты спикерлер келеді", - деді Т.Сүлейменов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында.

Министрдің айтуынша, биылғы форумның тақырыбы кеңейіп отыр. Қатысушылар нақты 11 жаһандық қауіп-қатерлерді талқыға салады.

"Форумның күн тәртібі ресми сайтта жарияланды. Кез келген адам оқып, таныса алады. Әрине, бұқаралық ақпарат құралдары xалықты кеңінен xабардар етсе, адам көп келеді. Ал адам көп келсе, бәріміз ел ретінде, xалық ретінде өз әлеуетімізді көтере аламыз", - деп атап көрсетті Т.Сүлейменов.

Еске салайық, саммит спикерлерінің қатарында сондай-ақ Францияның бұрынғы президенті Олланд Франсуа, физик, футуролог Митио Каку, Халықаралық олимпиада комитетінің Этика жөніндегі комиссиясының төрағасы және БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мун, Golman Sachs бұрынғы төрағасы Джим О'Нил және басқа да танымал тұлғалар бар.