«Астана экономикалық форумының қорытындысы бойынша сомасы 2,7 млрд. долларды құрайтын шамамен 80 келісім мен меморандумға қол қойылды. Тікелей инновациялық технологиялар тартылды. Нобель сыйлығының лауреаттары, сарапшылар универсиеттерде дәріс оқыды», - деді С.Нөгербеков.
20:12, 24 Мамыр 2013
АЭФ қорытындысында сомасы 2,7 млрд. долларды құрайтын 80-ге жуық келісім мен меморандумға қол қойылды - С.Нөгербеков
АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - VI Астана экономикалық форумының қорытындысында жалпы сомасы 2,7 млрд. долларды құрайтын 80-ге жуық келісім мен меморандумға қол қойылды. Бұл туралы елордада АЭФ пен Бүкіләлемдік дағдарысқа қарсы конференцияның қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Серік Нөгербеков мәлім етті.