Сингапурдан Лондонға бет алған әуе кемесінің бір моторынан ақау байқаған ұшқыштар, қонуға шешім қабылдаған, деп хабарлайды Утро.ру.
The Associated Press агенттігіне әуе компаниясының өкілі Оливия Вирттың хабарлағанындай, экипаж мүшелері мотордың бірінен май ағып тұрғанын көрген. Содан кейін экипаж командирі сол моторды өшіріп, тез арада жерге қону туралы шешім қабылдаған. Әуе компаниясының өкілі атап өткендей, ұшақтағы 258 жолаушы мен 25 экипаж мүшесінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ.