27 наурызда барлық рейстер кестеге сәйкес жүргізіледі, деп хабарланды «Аэрофлот» компаниясының ресми сайтында, деп жазды russian.rt.
«2016 жылғы жазғы» маусымында, 2016 жылдың 27 наурызынан 29 қазанына дейін Аэрофлот Мәскеуден Қазақстанның жеті қаласына: Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Астана, Атырау, Қарағанды және Шымкентке тікелей рейс ұшуды жоспарлаған.
Еске сала кетсек, Ресейдің әуе тасымалдаушысы «Аэрофлот» компаниясы өз сайтында сенбіде Қазақстанға әуе рейсін тоқтатқанын хабарлаған еді. Өйткені Қазақстан 27 наурызда күшіне енетін жазғы кесте бойынша ұшуларды орындауға рұқсат құжаттаманы бермеген.