«Осы қаулының қосымшасына сәйкес, республикалық мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті республикалық мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны АҚ акцияларын төлеуге берілсін. Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын», - делінген «Ашық» НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында.
Құжатта көрсетілгендей, «Бәйтерек» АҚ меншігіне жалпы саны 446 мүлік беріледі.
«Жобаны қабылдаудың мақсаты – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті республикалық мемлекеттік мекемесінің теңігерімінен мүлікті Бірлескен кәсіпорынның акцияларын төлеуге беру», - деп түсіндірме берілген қаулыға.
Құжат 3 мамырға дейін көпшілік талқылауда болады.