Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының орынбасарына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды
16:47, 24 Маусым 2010
АСТАНА. Маусымның 24-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қоғамда үлкен тербеліс тудырған және арнайы прокурордың өндірісінде болған ҚР Қарулы Күштері Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының орынбасары А.В.Балабановқа қатысты қылмыстық іс маусымның 18-інде сотқа жолданды.
Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, бұл іс билікті асыра пайдалану және десантшыларды дайындауға арналған тренажерларды, сондай-ақ парашюттерді жаңарту жөніндегі жұмыстарды сатып алу кезінде мемлекет қаржысын ұрлау фактісі бойынша қозғалған болатын. «Балабановпен бірге алаяқтық, заңсыз кәсіпкерлік және ұрланған қаражатты заңдастырғаны үшін үш тауар тасымалдаушы компанияның менеджерлері мен басшылары да сотқа берілді. Аталмыш факті бойынша соңғы сөзді сот айтады», деді ресми өкіл.