Аэроұтқыр әскерлерінің жедел тобы Астана Саммиті кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі алдына қойылған барлық міндеттерді орындады - Қорғаныс министрлігі

АНА. 3 желтоқсан. ҚазАқпарат - ЕҚЫҰ Саммитін өткізу кезіндегі қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен Аэроұтқыр әскерлерінің жедел тобы құрылған болатын.

Қапшағайдағы десантты-шабуылдаушы бригаданың бір десантты-шабуылдаушы ротасы, Талдықорғандағы десантты-шабуылдаушы бригаданың екі десантты-шабуылдаушы ротасы, Қазақстан бітімгерлік десантты-шабуылдаушы бригадасының бір десантты-шабуылдаушы батальоны және Астанада шоғырланған десантты-шабуылдаушы бригаданың бір ротасы 25 қарашадан бастап Саммиттің соңына дейін күзет шараларын қамтамасыз етті. Күзет шараларын қамтамасыз ету барысында негізгі күш Астананың барлық периметрі бойынша жұмылдырылып, күзет аумағына бөгде адамдар енгізілген жоқ. Астананың айналасына 27 күзет заставасы мен сексеннен астам бекеттер қойылып, күзет аумағына күдікті адамдарды кіргізбеу тапсырылды.

Әуежайдан бастап қонақүйге дейінгі күзет аумағында басқа да қуатты құрылымдардың бөлімшелерімен бірлесіп, минасыздандыру топтары жұмыс істеді. Олардың басты тапсырмасы күре жол бойы мен автокөліктерден жарылғыш қаупі бар заттарды іздеу. Сонымен қатар, химиялық және биологиялық қауіпсіздік мамандары делегацияның тоқтаған жерлерін де тексерді.

Күзет нысандарын төмен ұшатын аппараттардан бүркемелеу мақсатында зенитті-зымыранды және зенитті қондырғылар шоғырланды.

Төтенше тапсырмаларды орындау үшін 68665 әскери бөлімінен жалпы саны 500 адамды құрайтын резерв бөлінді.

Аэроұтқыр әскерлерінің жеке құрамы Қорғаныс министрлігінің басшылығы қойған ЕҚЫҰ Саммиті өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету тапсырмаларды адал орындады.Олардың арасында ефрейтор Загира Вагапованы, қатардағы жауынгер Сергей Поповты, 32363 әскери бөлімінің десантты-шабуылдаушы взвод командирлері аға лейтенант Дамир Оспанов, лейтенант Денис Роппел, 61993 әскери бөлімінің рота командирі аға лейтенант Сергей Батурин, десантты-шабуылдаушы батальон командирі майор майор Мырзағали Дарбышев бар.

ЕҚЫҰ Саммитін өткізу кезеңін қамтамасыз ету шараларына 1200-ден астам әскери қызметші, 100-ден астам әскери техника тартылды.