деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әскери-патриоттық «Әскер» клубы мен 61993 әскери бөлімі ұйымдастырған шараға қала мектептерінің оқушылары, Ауған соғысы ардагерлері, аэроұтқыр күштер бөлімінің әскерилері қатысты. Шара барысында әскери қызметкерлер оқушыларды әскери өмірмен, техника, қару-жарақтармен таныстырды, сондай-ақ түрлі ұрыс қимылдарын көрсетті. Өз кезегінде әскери-патриоттық клубтың мүшелері мерекелік концерт қойды.
Әскери-патриоттық «Әскер» клубы өкілдерінің айтуынша, бұндай шаралар мамырдың 9-на дейін жалғасады.