АЭС бойынша референдум: Ресейдегі дауыс беру нәтижесі

Фото: Kazinform

МӘСКЕУ. KAZINFORM - Қазақстанның Ресейдегі (Мәскеу) Елшілігінде жұмыс істеген №397 сайлау учаскесінде Қазақстанда атом электр стансасын (АЭС) салу жөніндегі референдумда дауыс берудің қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Дауысты санау рәсімінің қорытындысы бойынша сайлау комиссиясының мүшелері Мәскеуде референдумға қатысуға тіркелген 900 адамның 718-і дауыс бергенін, бұл 79,77 пайыз екенін хабарлады.

Ең көп сайлаушы Мәскеуде тіркелді. 

Фото: Kazinform

Дауыс беру тыныш жағдайда өтті, ешқандай заң бұзушылықтар тіркелген жоқ. Көрші мемлекет аумағындағы барлық учаскелер сол күні жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін ашық болды.

Естеріңізге сала кетейік, Ресей аумағында Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қалалардағы Бас консулдықтарында, Санкт-Петербург, Қазан, Омбы және Астраханьда сайлау учаскелері ашылды.