АЭС қана сенімді энергия бере алады – Құмар Әусенов
«Атом электр стансасын жобалаумен айналысып жатқанымызға 5 жыл болды. Мұның бәрі электр энергиясының тапшылығына байланысты. Біз көптеген жобаны қарастырдық, өлшемшарттарын әзірлеп, бағалау жүргіздік. 2019 жылы 9 компанияға сұраныс жіберген едік. Олардың ішінде америкалық, ресейлік, корейлік және қытайлық 5 компания жауап берді. Бұл 4 елдің технологиясы шамамен бірдей, ұқсас», - деді Құмар Әусенов Еуразия ұлттық университетінде АЭС-тің экологияға әсерін талқылауға арналған дөңгелек үстел отырысында.
Оның атап өтуінше, аталған елдердің барлығының технологиясы қауіпсіз. Жалпы, АЭС-тегі апат 10 млн жылда шамамен 1 рет қана орын алуы мүммкін.
«Қазірдің өзінде тапшылық шырқау шегіне жеткенде 1 гигаватқа дейін энергия тапшылығы бар. АЭС қана базалық сенімді энергия бере алады. Әрине, жылу стансасы да бар. Бірақ, олар көміртегін бөледі», - деді ол.