АES Қазақстан биыл 2 миллиард 236 миллион теңгенің инвестициялық бағдарламаларын жүзеге асырады - Мамытхан Салибеков

АЛМАТЫ. Маусымның 21-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - EAS Қазақстан энергия өндіруші компаниялары инвестициялық міндеттемелерін толық орындап жатыр. Бұл өткен аптада Өскеменде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін ұйымдастырылған баспасөз-туры кезінде айтылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2009 жылы АES Қазақстанның 4 энергия өндіруші компаниялары Энергетика және минералдық ресурстар министрлігімен инвестициялық келісімге қол қойған еді. Онда «АЭС Өскемен су электр стансысы», «АЭС Шүлбі су электр стансысы», «АЭС Согра жылу электр орталығы» ЖШС-тері мен «АES Өскемен жылу электр орталығы» АҚ-ның 2009-2011 жылдары стансылардың негізгі құрал-жабдықтарына салатын инвестицияның көлемі белгіленді. 2009-2010 жылдары оның көлемі 4,5 миллиард теңгені құрады. «АЭС Өскемен су электр стансысы», «АЭС Согра жылу электр орталығы» ЖШС-тері мен «АES Өскемен жылу электр орталығы» АҚ-ы мен келісім 2 жылдық мерзімге жасалды. Ал «АЭС Шүлбі су электр стансысы» ЖШС-де бұл 3 жылды құрайды. Біз өзіміздің инвестициялық міндеттемелерімізді толық орындап жатырмыз. Мысалы 2009 жылы жоспарланған инвестиция 1,7 миллиард теңге болатын. Алайда 2,3 миллиардтың келісімі жасалды», дейді АES Қазақстан энергия өндіруші компаниялары президенті Мамытхан Салибеков. Оның айтуынша, энергия өндіруші компаниялар инвестициялық міндеттемеде көрсетілмеген бағдарламаларға да қаржы бөлуде. Сондай-ақ 2011 жылдан кейінгі инвестициялық бағдарламаны жасауда. Жалпы олар биылғы жылға жоспарланған 2,2 миллиард теңгенің қазіргі таңда 1,7 миллиардын иегеріп отыр.