АЕS компаниясы Семей қаласына 160 орындық балабақша сыйлады

None
ӨСКЕМЕН. 9 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстандағы АЕS компаниясы Семей қаласына «Ажар» балабақшасын сыйға тартты.

Осыған байланысты бүгін таңертең облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен АЕS корпорациясының ТМД бойынша вице-президенті Майкл Центердің қатысуымен салтанатты шара өтті.

Компаниядан хабарлағандай, бұл қайырымдылық жобасының аясында компания ұзақ уақыт бойы үшінші тұлғалардың жекеменшігінде қаңырап бос тұрған балалардың мектепке дейінгі кәсіпорнының ескі ғимаратын сатып алған.

Ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізді: қабырғаларын жылытып, терезелері мен есіктерін ауыстырды, шатырын толық жаңартты, жылу, су беру, кәріз, вентиляция жүйелерін ауыстырды, жарықтандыру және өрт қауіпсіздігінің жаңа жүйелерін орнатты, жылы еден салып, электр жабдықтау жүйесін ауыстырды. Апат болып жарық өшірілген жағдайдың өзінде балабақшада электр жарығынсыз қалмайды.

Компания балабақшаны барлық қажетті жиһазбен, ас әзірлеу бөлмелеріне, медициналық кабинет пен кір жуу бөлмелеріне арналған жабдықтармен толтырды. Жобаға меценаттар 200 миллион теңге жұмсады.

Салтанат барысында Майкл Центер атап өткендей, әлеуметтік бастама ретінде балабақшаны қалпына келтіру кездейсоқтық емес, «өйткені ел болашағын салатын Қазақстан Республикасының кішкентай азаматтарын тәрбиелеу және оқыту балабақшадан басталады».