«Жергілікті тұрғындардың жоба туралы пікір білдіріп, арнайы қатысатын сарапшыларға сұрақ қою мүмкіндігі болады.
Кездесу ұйымдастырушысы – Алматы облысындағы Жамбыл ауданының әкімдігі. Ақпараттық қолдау білдіруші – «Самұрық-Қазына» қоры. Біз іс-шараның ашық өтуін қамтамасыз етеміз.
Кездесуді Қордың YouTube және Instagram парақшаларынан тікелей эфирде көруге болады. Сонымен қатар, іс-шараға оффлайн қатысуға болады. Ол үшін Үлкен ауылына ең жақын деген Шығанақ теміржол станциясына келуіңіз керек (жол шығынын қатысушының өзі төлейді)», - делінген хабарламада.