«Жақында бұл тақырып бойынша айтқан едім, яғни бұл бағыттағы жұмыстарды біраз пысықтау керек. Сондықтан осы жұмыстар кем дегенде жыл соңына дейін жалғасады», - деді Б. Ақшолақов елордада мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған форумда тілшілер сауалына жауап бере отырып.
Сонымен қатар тілшілер министрден Түркиядағы АЭС-тің құрылысын зерттеудің мән-жайы туралы сұрады.
«Бұл станция әлі салынып бітпегенін ескере отырып, оған қатысты зерттеу жүргізу қиындау болар. Жалпы, біз бұл жобаның қаншалықты ауқымды екенін қарадық», - деді ведомство басшысы.
«Жоба «Росатомның» қатысуымен жүзеге асырылып жатыр. Бұл тұрғыда осындай ауқымды құрылыс кезіндегі локализация мәселелері, аралас өндірістерді жетілдіру жергілікті қамтуды дамытуда елеулі мүмкіндіктер жасайды», - деді Б. Ақшолақов.
Бұдан бұрын БАҚ-та Түркиядағы «Аккую» АЭС-ін «Росатом» мемлекеттік корпорациясы салып жатқаны хабарланған еді.