«АЭС-ке техникалық бақылау жүргізетін халықаралық ұйымды тартуды жоспарлап отырмыз. Ол ұйым технологияларын ұсынып, АЭС құрылысына қатысатын барлық компаниялардың жұмысын тексереді. Ол үшін бүгінгі таңда франциялық «Assystem» компаниясымен алдын ала меморандум жобасын әзірледік. АЭС салуға жұмылдырылатын барлық компаниялардың қызметін тексеріп отыратын тәуелсіз ұйым болса, онда шынайы ақпарат алып, мәселені нақты анықтап, оларды дер кезінде шешуге мүмкіндік болады», - деп жауап берді Ернат Бердіғұлов тілші сауалына.
Сонымен қатар, ол Қазақстанда АЭС салуға ниетті шетелдік компаниялардың қайсысына басымдық беріліп отырғанын айтты.