АЭС салуда қандай шетелдік компанияға басымдық беріліп отыр
«Біз биыл АЭС салатын компанияны таңдап үлгерген жоқпыз. Бұл бағыттағы жұмыс келер жылы да жалғасады. Бастапқыда 6 компанияны қарастырған болатынбыз. Бұл Қазақстандағы алғашқы АЭС болмақ. Сондықтан, оны толық зерделеп, барлық мүмкіндікті ескеру маңызды. Оның ішінде, осы іске қолданылатын технологияларды таңдау оңай шаруа емес. Осы орайда, барлығын ескере келе, АЭС салуға ниетті 4 компанияны қарастырып жатырмыз. Олар – қытайлық «CNNC», кореялық «KHNP», ресейлік «Росатом» және франциялық «EDF». Әрқайсысының озық тұстары мен кемшіліктері бар. Егер объективті түрде қарасақ, қазір көптеген осы саланың сарапшылары «Росатомға» басымдық беріп отыр. Өйткені, әлемдегі АЭС блоктарының жартысын «Росатом» салып жатыр. Сонымен қоса, оларда шет мемлекеттердің аумағында АЭС салу тәжірибесі бар», - деп жауап берді Ернат Бердіғұлов тілші сауалына орай.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда АЭС салынса, оны басқару қандай органға берілетінін хабарлаған едік.
Фото: storage.googleapis.com