Афинада УЕФА-ның жаңа президенті сайланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Словениялық Александер Чеферин Афинада ұйымның кезекті конгресінің нәтижесі бойынша Еуропалық футбол қауымдастығының (УЕФА) жаңа президенті болып сайланды. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

Дауыс беруге УЕФА-дан  55 мүше қатысты. Чеферин   42 дауыс, басқа үміткер, голландиялық Михаэль ван Праг - 13 дауыс жинады. УЕФА-ның жаңа президенті   келесі кезекті конгреске дейін   2,5 жылға сайланды.  

2011 жылдан бастап Чеферин  УЕФА заң комитетінің екінші және үшінші вице-төрағасы лауазымын атқарған.   

 УЕФА-ның 1954 жылы негізі қаланған сәттен бастап   Чеферин  ұйымға жетінші президент болып отыр.   Бұған дейін Эббе Шварца (Дания), Густава Видеркера (Швейцария), Артемио Франки (Италия), Жака Жорже (Франция), Леннарта Юханссона (Швеция)  және  Мишеля Платини (Франция) болған.