Траспорт министрі Христос Спиртзистің айтуынша, қала тұрғындары енді метро, автобус, троллейбустарда тегін жүре алады. Бұл тек, ел астанасында ғана жүзеге асатын жоба, себебі Грекияның өзге қалаларында тасымалмен жеке компаниялар айналысады. Министрдің айтуынша, бір аптаға банкттер жабылып, банкоматтар арқылы ақша берілмейтін болғандықтан билік осындай қадамға баруға мәжбүр болған.
06:18, 30 Маусым 2015
Афиналықтар бір апта қоғамдық көлікпен тегін жүре алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Греция үкіметі бір аптаға Афина қаласында қоғамдық көлікте жол жүру ақысына тоқтау қойды, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.