Афиныға «Авги» дауылы жетті: қаланы қар басып қалды

Афиныға нағыз қыс келді. Грекияның астанасы қалың қардың құрсауында қалды - деп хабарлайды Euronews сайты.

Фото: euronews.com

Ауа райының қолайсыздығына байланысты кейбір кәсіпорындар, мектептер мен балабақшалар жабылды. Жеке және қоғамдық көліктер қозғалысы қиындады.

Қар тазалағыш техникалардың күшімен қар басқан жолдар тазартылды.

Грекияға қар «Авги» циклоны әсерінен жауды. Суық ауа райы сәрсенбіге дейін сақталады деп болжанды.