Афины орталығында жарылыс болды
06:11, 13 Қазан 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Афины қаласының орталығында жарылыс болды деп хабарлады Gazeta.ru жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметтеріне сүйене отырып.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жарылыс Экзархиа ауданындағы Иппократос көшесіндегі дүкенде болды. Оның салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Кешкісін жергілікті басылымдардың біріне ер азамат телефон шалып, бомба туралы хабар берген. Сонымен қатар ол жарылыстың шамамен 30 минуттан соң болатынын айтқан. Полиция аталған орынды қоршауға алды. Жарылыс ер азамат телефонмен хабарласып айтқан уақытта болды.