Афиныда ЕҚЫҰ көші-қон саясатына қатысты 17-ші экономикалық-экологиялық форумының 2-ші бөлігі өтеді

None
АСТАНА. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Мамырдың 18-і мен 20-сы аралығында Афиныда ЕҚЫҰ «Көші-қонды басқару және ЕҚЫҰ аймағында тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша экономикалық, әлеуметтік және экологиялық саясаттағы оның рөлі» атты17-ші экономикалық-экологиялық форумының 2-ші бөлігі өтеді.
Бүгін елордадағы апталық брифинге бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның айтуынша, форумның күн тәртібіне заңды және заңсыз көші-қон мәселелері, көші-қонның экономикалық, әлеуметтік және экологиялық саясаттағы рөлі мен байланысы, көші -қонды басқару саласындағы серіктестік пен мемлекетаралық ынтымақтастық мәселелері және көші-қонның басқа да сипаттары еніп отыр. Конференция жұмысына қазақстандық делегация да қатысуда.