Осылайша Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік саяси сахнадағы беделі тағы да қуатталды. Қазақстан Республикасының Президенті осынау бастамашылық табысты жүзеге асуы үшін бар күш-жігерін жұмсады. ЕҚЫҰ төрағалығына Қазақстанның кандидатурасын Ұйымға мүше барлық 56 ел мақұлдады.
Н.Назарбаевтың басшылығымен «Еуропаға жол» бағдарламасы, басқа да ықпалдастық бастамалар әзірленіп, жүзеге асырылуда. Қазақстан Президенті 2010 жылы Астанада ЕҚЫҰ саммитін өткізу идеясын ұсынғаны да баршаға аян.