Лента.ру-дың AFP-ке сілтеме жасап хабарлағанындай, оқиға жексенбі күні, 2 қазанда, «Элефтериос Венизелос» Афины халықаралық әуежайындағы ірі грекиялық банктердің бірі Alpha Bank бөлімшесінде орын алған. Тонаушы өзін күзет компаниясының қызметкері ретінде таныстырып, банкке қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесіндегі ақауларды жөндеу үшін келгендігін айтқан.
Хабарланғандай, ер азамат банк қызметкерлеріне айтқан сөзін куәландыратын құжаттарын көрсеткен, соның нәтижесінде ол банк ішіне енеді. Содан кейін ол тапаншасын алып шығып, банк қызметкерлерінен сейфті ашу үшін оның шифрлерін айтуды талап етеді. Оны ашқаннан кейін ер азамат ішіндегі ақшаның бәрін үш қоржынға салып, еш кедергісіз таксимен белгісіз бағытта қашып кетеді.