Афиныда үш саяси партияның кеңселері өртенді

АФИНЫ.  Шілденің 28-і.  ҚазАқпарат -Афиныда белгісіз біреулер Грекияның    үш саяси партиясының кеңселерін өртеп  жіберді,

деп   хабарлайды ҚазАқпарат   «РИА  «Новости» агенттігіне  сілтеме  жасап.

Оқиға салдарынан  «Жаңа  демократия»  билік жүргізуші  партиясының,   ПАСОК   оппозициялық  социалистік   қозғалысының  және  ЛАОС әсіре оңшыл партияның  аудандық  бөлімдері  зардап    шеккен.

Қаскөйлер   ғимараттарға   май құйылған    шөлмектер  лақтырған немесе    газды  баллондардан қолдан жасалған    жарылғыш   заттардың  көмегімен   өрт қойған.     Ғимараттарға    материалдық шығын  келген,  зардап шеккендер жоқ.