Africa Eco Race 2014 көпкүндігінде қазақстандықтар экипажы үздік үштікке енді

АСТАНА. 3 қаңтар. ҚазАқпарат - Africa Eco Race 2014 көпкүндігінде қазақстандықтар Қанат Шағыров пен Александр Мороз экипажы үздік үштікке енді.

Бұл туралы 24.kz хабарлады. Аталған ралли-марафонның үшінші кезеңінің қорытындысы бойынша барлық автокөліктердің арасынан жерлестеріміз өнер көрсетіп жатқан Mobilex Racing Team тобы үшінші орынға қол жеткізді.