Сенегалда өткен халықаралық саммитте Олланд Блэза Компаорені биліктен тайдырған елдегі толқулар конституцияны құрметтеу керектігін тағы бір дәлелдегенін айтты.
«Франция Компаореге қантөгістің алдын алу үшін ғана көмектесіп, оның елден шығып кетуіне жәрдем етті. Бұрынғы колонияларға Францияның көмектесетін уақыты біткен. Париж француз тілінде сөйлейтін елдерде демократия болғанын ғана қалайды», - деді Олланд.