Эбола безгегі - Эбола вирусынан туындайтын өткір вирусты жоғары контагиозды ауру. Оны жұқтырған адамдардың 90 пайызы қайтыс болады. Аурудың белгілері - адам әлсірейді, басы ауырады, баспа қабынып, буындары мен іші ауырады. Кейін құрғақ жөтел пайда болып, кеуде тұсы түйіліп ауырады.
Туризм индустриясы комитеті Африка елдеріне барып келген адамдарға дәрігерге көрініп, міндетті түрде денсаулығын тексертуге кеңес берді. Батыс Африка елдеріне билет сататын туроператорлар мен турагенттерге халықты эпидемиологиялық жағдай туралы хабардар етіп, оларға қауіпсіздік шараларын ескертуді тапсырды, делінген комитеттің баспасөз қызметінің хабарламасында.