Сарапшылар пікірінше, егер елде құрғақшылық пен негізгі тауарлар бағасының өсуі жалғаса берсе, ал халықтың ең осал топтарына гуманитарлық көмек жеткізілмесе, ел тұрғындары осындай қауіпке биылғы жылдың қыркүйек айының басында тап болады.
Былтырғы қаңтардан бері құрғақшылық пен күнкөрістің нашарлауына байланысты елдің 900 мыңнан астам тұрғыны ішкі көші-қон лагерьлеріне қоныстандырылды.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымына (ФАО) оларға жедел көмек көрсету үшін шұғыл түрде 131,4 млн доллар қажет. Қазіргі уақытта ұйымның Сомалидегі ашаршылықтың алдын алу шаралары небары 46 пайыз қаржыландырылған.
Фото: news.un.org