48 сағаттан бері кеме туралы ешқандай ақпарат жоқ.
Телеарнаның деректері бойынша, Marine Express танкері жөніндегі соңғы хабар 31 қаңтарда үнді уақытымен 18:30-да түскен. Ол кезде кеме Бенин жағалауында зәкір тастап тұрған. Содан бері танкер және оның экипажы жөнінде хабар-ошар жоқ. Оны теңіз қарақшылары басып алуымүмкін деген болжам бар.
Үнді кеме қатынасы министрлігінің телеарнаға хабарлауынша, танкер құны 8,1 миллион долларлық 15,5 мың тонна жанармай әкеле жатқан.