Бегемоттардың қырылуына сібір жарасының ошағы түрткі болған. Су жануарларының жаппай өле бастау оқиғасы өткен аптада байқалған. Алайда апта ішінде сібір жарасынан 109 бегемот өліп қалған.
«Біз жануарлардың өлу фактісі сібір жарасы ошағымен байланысты деп болжам жасаудамыз, алайда ветеринарлар әлі нақты шешім айтқан жоқ», - дейді парк әкімшілігі.
Басылымның хабарлауына қарағанда, ұлттық паркте бұған ұқсайтын оқиғалар жиі болып тұрады.