БҰҰ деректеріне қарағанда, бортта 23 жолаушы болған. Олардың 10-ы жарақаттанған, ал үшеуінің жағдайы ауыр.
Тікұшақтың неліктен апатқа ұшырағандығы әзірге белгісіз.
Тікұшақ Солтүстік және Оңтүстік Суданның шекарасында орналасқан, ерекше мәртебеге ие африкалық Абьей ауданы аумағында құлаған.
Қазіргі уақытта мұнда БҰҰ аясындағы эфиофиялық бітімгерлер орналастырылған.