Африкада індеттің тағы бір түрінен 70 адам қаза тапты
00:16, 22 Тамыз 2014
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Конго Демократиялық Республикасында геморрагиялық жұқпалы індеттің жаңа түрі пайда болғанын хабарлады, деп жазады, Рейтер агенттігі.
«Конго Демократиялық Республикасында геморрагиялық гастроэнтериттен кем дегенде 70 адам қайтыс болды. Бұл ауыру Эбола індетімен байланысты емес», делінген ДДҰ хабарламасында.
ДДҰ мәліметіне сүйенсек, вирус 592 адамға жұққан.