Африкада қазақ күресінен чемпионат өткізілді

АСТАНА. 6 наурыз. ҚазАқпарат - 26 ақпан - 3 наурыз күндері аралығында Оңтүстік Африка Республикасының Кейптаун қаласында ұлттық спорт түрі - қазақ күресінен ересектер арасында Африка чемпионаты өтті, деп хабарлайды ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің баспасөз қызметі.

Чемпионатқа «Қара құрлықтың» Оңтүстік Африка Республикасы, Зимбабве, Ботсвана, Свазиленд, Габон, Нигерия сынды мемлекеттерінен 30 спортшы қатысты.

Чемпионат 60, 70, 90, 90 келі салмақ дәрежелері бойынша өткізілді. Сонымен қатар, біріншілік кезінде оқу-жаттығу, тренинг және төрешілерге арналған семинар өткізілді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

60 килограмм

1 орын - Стефан Филлипс (Оңтүстік Африка Республикасы)

2 орын - Таванда Манганганга (Зимбабве)

3 орын - Вилбур Влул (Оңтүстік Африка Республикасы)

3 орын - Майкл Пелономи (Ботсвана)

70 килограмм

1 орын - Мусса Анафи (Зимбабве)

2 орын - Абдул Гакем Хаузер (Оңтүстік Африка Республикасы)

3 орын - Дольфвандер Весшуйзер (Оңтүстік Африка Республикасы)

3 орын - Сипхо Малаза (Свазиленд)

90 килограмм

1 орын - Эдсон Пиндза (Габон)

2 орын - Джордж Атоеби (Нигерия)

3 орын - Абубакр Петерсен (Оңтүстік Африка Республикасы)

3 орын - Варрен Коопман (Оңтүстік Африка Республикасы)

90 килограмм

1 орын - Дин Пиетерсен (Оңтүстік Африка Республикасы)

2 орын - Виктор Гвебу (Свазиленд)

3 орын - Самуэль Амиго Рамаеба (Ботсвана)

3 орын - Кобе Тернта (Оңтүстік Африка Республикасы)