Жанұялық автомобиль прайд маңынан өткенде арыстандардың бірі оған жақын келіп, тісімен есігін ашқан.
Абырой болғанда, көлік жолаушылары жапа шеккен жоқ. Қыздар жедел түрде есікті жауып үлгерді.
Осыған ұқсас оқиға 2009 жылы болған. Ол кезде Оңтүстік Африкада Йоханессбургтегі сафари-саябағында арыстан "Тойота" көлігінің артқы есігін тісімен ашқан. Зәресі ұшқан жүргізуші бастапқыда абыржып қалып, кейін есін жиған сәтте шұғыл жүріп кеткен.
Арыстан автомобиль соңынан жүгірген, алайда сафари-саябағына кірер жердегі күзетші оны тас лақтырып қуып жіберді.