Циклон салдарынан су тасқыны болып, электр жарығы сөнген және адамдар қаза тапты.
«Алдын ала бағалау бойынша, табиғи апат салдарынан 46 адам қаза болып, 49-ы түрлі жарақат алды, 65 мың адам баспанасыз қалды. Жалпы, Ана салдарынан 500 мыңнан астам адам зардап шекті», - делінген Мадагаскар, Мозамбик және Малави билігінің мәлімдемесінде.
Малавидің оңтүстігінде су тасқынынан көптеген үйлер қирады. . Адамдар шіркеу мен мектептерді паналауда. Қазіргі таңда іздеу-құтқару тоды құрылып, адамдарға көмек көрсетіліп жатыр.
Авторы: Арсен Утешев