Конго Денсаулық сақтау министрлігінің 23 шілдеде жариялаған эпидемиологиялық жағдай туралы есебіне сәйкес, 20 шілдедегі жағдай бойынша елде Эбола жұқтырудың 2473 расталған жағдайы тіркелген. Оның ішінде 999 адам сырқаттан қайтыс болды.
Угандада 20 жағдай расталып, екі адам көз жұмған. Осылайша, індеттен зардап шеккен екі елдегі жалпы қайтыс болғандардың саны — 1001.
Эбола вирусының Бундибугио штамынан туындаған індет туралы алғаш рет 15 мамырда КДР-дың шығысындағы Итури провинциясында хабарланған. Кейін ауру Солтүстік Киву, Оңтүстік Киву, Жоғарғы Уэле және Чопо провинцияларына тарады.
КДР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 20 шілдедегі жағдай бойынша 737 науқас оқшауланған немесе ауруханаларда ем қабылдап жатыр. Ал 482 адам дерттен айыққан.
Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Конгодағы Эбола індетінің нақты ауқымы ресми көрсеткіштен 2-4 есе жоғары болуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.