Африкадан Италияға бағыт алған 19 мигрант кемеде тұншығып өлді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Италиялық құтқарушылар Солтүстік Африкадан бірнеше жүздеген мигранттарды тасымалдаған кемеде қаза болған 19 адамның денесін тапты, деп жазады ВВС.

Италиялық БАҚ-тың мәліметінше, олар қозғалтқыштан шыққан түтіннен тұншығып өлген. Кемедегі екі адам ауруханаға жатқызылды.

Маусымда 45 адам осыған ұқсас жағдайда ажал құшқан еді.

Италия билігінің хабарлауынша, өткен жылы Италияның оңтүстігіне 60 мыңнан астам мигрант келіп тоқтаған. 2014 жылдың қортындысы бойынша осы елдің оңтүстігіне келетін заңсыз миграцияның жаңа рекорды орнатылуы мүмкін.