Бұл жұқпалы дерт Гвинея, Либерия және Сьерра-Леоне елдерінде өршіп отыр.
Осыған байланысты ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитеті Африка елдеріне барып келушілерге міндетті түрде сынама тапсыруға және дәрігерге қаралуға кеңес береді. Туроператорлар мен турагенттер Африканың батыс елдеріне баратындарды міндетті түрде эпидемиологиялық ахуал туралы ақпараттандыруы қажет, деп хабарлайды ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің баспасөз қызметі.