Солтүстік Африка мемлекеті ұзақ уақыт бойы үшінші әлем елдерінен шыққан босқындардың жолына негізгі тосқауыл ретінде саналды. Ливиядағы тәртіпсіздіктер халықты үйіріп әкетуі мүмкін. Италия қазірдің өзінде Тунистегі дағдарыстың салдарын сезіне бастады. Сарапшылар оқиғаның одан әрі дамуына қатысты жағымды болжам жасап отырған жоқ, деп жазады Вести.Ру.
"Жағымсыз жаңалықтардың қатары күн санап көбеюде, Тунис пен Мысырды жайлаған тәртіпсіздіктер, енді міне Ливияға да жетіп отыр. Солтүстік Африка Еуропа мен Африка құрлығы арасындағы аралық ретінде есептелініп келсе, енді бұл аралық жоқ. Еуропа көшбасшылары барынша етек-жеңін қымтауда, бірақ халықтың жаппай шеруіне төтеп беру мүмкін емес нәрсе", - деп түсініктеме береді итальяндық журналист, әрі саяси қайраткер Джульетто Кьеза.