Баяндаманы журналистерге Эфиопия астанасы Аддис-Абебада UNCTAD бас хатшысы Мухис Китуи және БҰҰ Африка жөніндегі экономикалық комиссиясының (UNECA) атқарушы хатшысы Вера Сонгве ұсынды.
Баяндамада 19 миллион адамның Африканың бір елінен басқа еліне, ал 17 миллион адам басқа құрлыққа қоныс аударғаны айтылған.
1990-2010 жылдар аралығында Африкаға қоныс аударушылар саны айтарлықтай өспеген, бірақ 2010 жылдан кейін бұл көрсеткіш екі есеге көтеріліп, 2017 жылы 5,5 миллионға жеткен.